Серіктестік қызметкерлері ҚР Президенті Іс басқармасының Орталық аппараты мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының командалары арасында бильярд бойынша турнирге қатысты. Жарысқа барлығы 15 команда қатысты. Ойын олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Техникалық қадағалау сарапшысы Торғай Мағзұмұлы Нұрғазин турнирдің үздік ойыншысы атанды.