Кәсіби мерекеге орай құрылыс саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен техникалық қадағалау сарапшысы Станислав Геннадиевич Пущин марапатталды, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының Алғысымен ғимараттар мен құрылыстарды техникалық қадағалау және техникалық зерттеу бөлімінің басшысы Ярослав Сергеевич Копелюх, жобаларды басқару және өндірістік-техникалық мәселелер бөлімінің басшысы Олег Сергеевич Виценко марапатталды. «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС Құрмет грамотасымен бес қызметкер, «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС Алғыс хатымен Серіктестіктің сегіз қызметкері марапатталды.