2022 жылғы 8 сәуірде «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»Қазақстан халқына жолдауының негізгі аспектілерін талқылау және түсіндіру мақсатында Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Дархан Қамзабекұлы Мыңбайдың қатысуымен жиналыс өткізілді. Д.Қ. Мыңбай Қазақстан Президенті жолдауының негізгі тезистерін, алдағы реформалардың еліміздің және бүкіл Қазақстан халқының болашағы үшін маңыздылығын атап өтті. Серіктестік қызметкерлері қызықтыратын сұрақтарын қойып, нәтижелі диалог жүргізді.